30.04.2019 1-мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Жол-көлік колледжінде мерекелік іс-шара өтті

Извините, этот техт доступен только в “Қазақ тілі”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 1-мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай Жол-көлік колледжінде мерекелік іс-шара атап өтілді. Аталған іс-шараға аудан әкімі Б.Парманов, Нұр-Отан партиясының Абай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Е.Бертаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ауыл билері мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Б.Парманов тұрғындады мерекемен құттықтап, еліміздің басты байлығы халықтың ынтымағы мен бірлігі екенін атап өтті. Ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып жүрген белсенді азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапталып, сый-сияпаттар табыс етілді. Іс-шара соңы мерекелік концертке жалғасты.

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Пролистать наверх

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: