30.04.2019 1-мамыр “Қазақстан халқының бірлігі күніне” орай Жол-көлік колледжінде мерекелік іс-шара өтті

Sorry, this entry is only available in Қазақ тілі. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 1-мамыр “Қазақстан халқының бірлігі күніне” орай Жол-көлік колледжінде мерекелік іс-шара атап өтілді. Аталған іс-шараға аудан әкімі Б.Парманов, Нұр-Отан партиясының Абай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Е.Бертаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ауыл билері мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Б.Парманов тұрғындады мерекемен құттықтап, еліміздің басты байлығы халықтың ынтымағы мен бірлігі екенін атап өтті. Ауданымыздың дамуы мен көркеюіне үлес қосып жүрген белсенді азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапталып, сый-сияпаттар табыс етілді. Іс-шара соңы мерекелік концертке жалғасты.

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: