08.05.2019 Б.Парманов Ұлы Отан соғысының ардагері Қазыбаев Абылайды үйіне арнайы барып құттықтады

9-мамыр Ұлы Жеңістің 74-жылдық мерекесіне орай, аудан әкімі Б.Парманов Ұлы Отан соғысының ардагері Қазыбаев Абылайды үйіне арнайы барып құттықтады. Аудан әкімі ардақты ардагерге Ұлы Отан соғысы жылдары халқымыздың басына төнген сын сағатта көрсеткен жан қиярлық ерлігі мен батырлығына шексіз алғысын білдіріп, сый-сияпаттар табыс етті.   

04.05.2019 “Дидар” салтанат сарайында 9-мамыр Ұлы Жеңістің 74-жылдық мерекесі атап өтілді

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен “Дидар” салтанат сарайында 9-мамыр Ұлы Жеңістің 74-жылдық мерекесі атап өтілді. Аталған іс-шараға аудан әкімі Б.Парманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ.Башенов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Б.Парманов ардагерлерді аталған мерекемен құттықтап, қазіргі бейбіт өмір мен бақытты күндер үшін алғыс білдіріп, сый-сияпаттар табыс етті. Ардагерлерге […]

03.05.2019 Мәжіліс депутаттары шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасында болды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ә.Е.Бектұрғанов, Д.Қ.Мыңбай және Ф.Ә.Қаратаев №1 Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының тыныс-тіршілігімізбен танысты. Біраз уақыттан бері мұнда қаншама істер жасалып, жақсы дамып келе жатқандығын, әлі де атқарылар жұмыстың көп екендігін көрді. Әрі елімізде жүзеге асып жатқан реформаларды аяғына дейін жеткізу үшін не керек, соны дәрігерлермен бірлесе кеңесуге ниетті екендіктерін мәлімдеді.      

02.05.2019 7-мамыр “Отан қорғаушылар күніне” орай, Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектепте мерекелік іс-шара өтті

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 7-мамыр “Отан қорғаушылар күніне” орай, Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектепте мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара соғыс жылдарында елге қайта оралмаған қорғасын зауытының 114 қызметкерінің аттары жазылған ескерткіштің ашылу салтанатымен басталды. Ескерткіштің ашылу салтанатында соғыс даласында ерлікпен қаза тапқан отандастарымызды «Бір минут» үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылып, тағзым […]

30.04.2019 1-мамыр “Қазақстан халқының бірлігі күніне” орай Жол-көлік колледжінде мерекелік іс-шара өтті

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 1-мамыр “Қазақстан халқының бірлігі күніне” орай Жол-көлік колледжінде мерекелік іс-шара атап өтілді. Аталған іс-шараға аудан әкімі Б.Парманов, Нұр-Отан партиясының Абай аудандық филиалы төрағасының орынбасары Е.Бертаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ауыл билері мен аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Б.Парманов тұрғындады мерекемен құттықтап, еліміздің басты байлығы халықтың ынтымағы мен бірлігі екенін […]

22.03.2019 #146 автобусы Абай ауданына қарасты Жаңаталап, Көкбұлақ, Алтынтөбе шағынаудандарына қатынайтын болады

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгіннен бастап #146 автобус Абай ауданына қарасты Жаңаталап, Көкбұлақ, Алтынтөбе шағынаудандарына қатынайтын болады. Аталған бағыттардың жұмыс кестесі 07-00 ден 21-00 дейін, қозғалысинтервалы 20-30 минут. @ Shymkent  

19.04.2019 Самал-3 мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесу өтті.

Қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Еркешбекұлы және Абай ауданының әкімі Бұxарбай Рысқұлұлы Абай ауданына қарасты Самал-3 мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың өзекті мәселесіне айналған электр жарығын жүргізу жұмыстарының жақын арада басталатындығы туралы xабарлама жасады.      

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) құру туралы мүддесін білдіруін сұрату

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» №103 бұйрығына сәйкес, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы «ShymkentBus»басқарушы […]

11.04.2019 «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты семинар-кеңес өтті.

2019 жылы 11 сәуір күні Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі бекітілген кестеге сәйкес Абай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді. Семинардың басты тақырыбы – «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары». Семинар барысында әкімшілік ресурстарды заңсыз пайдалану, азаматтарға әдепсіз мінез-құлық таныту, жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қарым-қатынастағы мінез-құлық, мүдделер қақтығысы, жария сөз сөйлеу. […]

Scroll to top