16.12.2018 Абай ауданында соңғы үлгідегі жобалаумен абаттандырылған аула алаңшалары пайдалануға берілді.

Sorry, this entry is only available in Қазақ тілі and Russian. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in this site default language. You may click one of the links to switch the site language to another available language.

Шымкент қаласының тұрғындарын қуантқан игі шара Тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келіп, аула алаңшаларының ашылу салтанаттына қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы қатысты.

– Құрметті қала тұрғындары! Бүгін үлкен мереке, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні! Ата-бабамыз аңсаған еркіндіктің тарихы терең. 1991 жылы біз егемен ел болып, көк туымызды көтеріп, өзіміздің тәуелсіздігімізді жарияладық. Сол мерейлі сәттен бері 27 жыл өтті. Осы уақыт аралығында біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы бізді, қазақ халқын бейбіт жолмен алға бастап келеді. Еліміздің дамуының бір көрінісі биыл Республикалық маңызы бар қалалардың саны тағы біреуге артып, Шымкент шаһары ірі мегаполиске айналды. Соның барлығы біз бен сіз үшін үлкен қуаныш.
Тәуелсіздік бізге әлі талай жетістік әкеледі. Мереке құтты, балалар бақытты болсын, – деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, Абай ауданында 258 аула болса, бүгінге дейін оның 209-ы абаттандырылып, 42-сінде спорт алаңшасы орнатылған. Ал қалған 49 ауланы абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын және 15 спорт алаңшасын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қалалық экономика және қаржы бөліміне ұсыныс берілген.

  

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: