1-маусым “Халықаралық балаларды қорғау күніне” орай Абай саябағында мерекелік іс-шара өткізілді

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 1-маусым “Халықаралық балаларды қорғау күніне” орай Абай саябағында мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға аудан аумағындағы 34 мектептен 130-ға жуық балалар қатысты. Балалар арасында тас жолға сурет салудан байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен сый-сияпаттар табысталды. Іс-шараның басынан аяқталғанға дейін түрлі ертегі кейіпкерлері мен роботтар және сайқымазақтар балалардың көңілдерін көтерді. Мерекелік концерт барысында барлық балаларға балмұздақтар мен тәтті сусындар және сыйлықтар таратылды.

  
   

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: