04.05.2019 “Дидар” салтанат сарайында 9-мамыр Ұлы Жеңістің 74-жылдық мерекесі атап өтілді

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен “Дидар” салтанат сарайында 9-мамыр Ұлы Жеңістің 74-жылдық мерекесі атап өтілді. Аталған іс-шараға аудан әкімі Б.Парманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұ.Башенов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері қатысты. Іс-шара барысында аудан әкімі Б.Парманов ардагерлерді аталған мерекемен құттықтап, қазіргі бейбіт өмір мен бақытты күндер үшін алғыс білдіріп, сый-сияпаттар табыс етті. Ардагерлерге арнайы мерекелік дастархан жайылып, іс-шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.

  
  
  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: