02.05.2019 7-мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай, Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектепте мерекелік іс-шара өтті

Извините, этот техт доступен только в “Қазақ тілі”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 7-мамыр «Отан қорғаушылар күніне» орай, Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектепте мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара соғыс жылдарында елге қайта оралмаған қорғасын зауытының 114 қызметкерінің аттары жазылған ескерткіштің ашылу салтанатымен басталды. Ескерткіштің ашылу салтанатында соғыс даласында ерлікпен қаза тапқан отандастарымызды «Бір минут» үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Іс-шара барысында аудан әкімі Б.Парманов тұрғындарды «Отан қорғаушылар күнімен» құттықтап, аталған ескерткіштің қайта жаңғыруына үлкен үлес қосқан азаматшаларды алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті. Іс-шара соңы ардагерлерге арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

  
  
 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Пролистать наверх

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: