02.05.2019 7-мамыр “Отан қорғаушылар күніне” орай, Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектепте мерекелік іс-шара өтті

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 7-мамыр “Отан қорғаушылар күніне” орай, Молда Мұса атындағы №5 жалпы орта мектепте мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара соғыс жылдарында елге қайта оралмаған қорғасын зауытының 114 қызметкерінің аттары жазылған ескерткіштің ашылу салтанатымен басталды. Ескерткіштің ашылу салтанатында соғыс даласында ерлікпен қаза тапқан отандастарымызды «Бір минут» үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылып, тағзым етілді. Іс-шара барысында аудан әкімі Б.Парманов тұрғындарды “Отан қорғаушылар күнімен” құттықтап, аталған ескерткіштің қайта жаңғыруына үлкен үлес қосқан азаматшаларды алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар табыс етті. Іс-шара соңы ардагерлерге арналған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

  
  
 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: