№118 жалпы орта мектебінде “Соңғы қоңырау” мерекесі жоғары деңгейде өткізілді

Sorry, this entry is only available in Қазақ тілі. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

25.05.2019 Абай ауданындағы іргелі білім ордаларының бірі Көк бұлақ тұрғын алабында орналасқан №118 жалпы орта мектебінде “Соңғы қоңырау” мерекесі жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Б.Парманов соңғы қоңырау салтанатымен жиылғандарды құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге игі тілегін арнап, алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде үздік нәтижелерге жетулеріне сәттілік тіледі. 
2018-2019 оқу жылында аудан аумағында орналасқан 34 мектепте -2346 оқушы мектепті аяқтады. Оның 1767 оқушысы қазақ тілінде, 295 оқушы орыс тілінде, 284 оқушы өзбек тілінде білім алды және 80 оқушы “Алтын белгіге”, 83 оқушы үздік аттестатқа үміткерлер.

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: