Өрттің алдын алу және жою бойынша құрылған мобильдік жұмыс топ үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Қазіргі таңда күннің қатты ысып, дала өрттері қауіпінің күшейуіне орай орман, дала және егістік алқаптардағы өрттің алдын алу және жою бойынша құрылған мобильдік жұмыс топ Абай ауданы аумағында орналасқан 32 (отыз екі) шаруа қожалықтың иелерімен және тұрғындамен қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтау, темекі және шыны ыдыстарының қалдықтарын тастамау, алғашқы өрт сөндіру құрал жабдықтарының болу қажеттілігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 
Аудан аумағынын өтетін автомобиль жолдарының бойларындағы және орман қоры жерлері мен егіс алқаптарындағы минералды жолақ жырту жұмыстарының сапасы тексерілді.
Сонымен бірге, Ақтас 1, 2 тұрғын алабтарындағы 3 шақырым автомобиль жолының бойына кемінде 7 метр етіп өртке қарсы минералды жолақ салынып, жергілікті шаруа қожалықтың иелеріне көктемгі-күзгі егіс жұмыстарын жүргізу кезінде дәнді-дақыл қалдықтарын тазалау мен қураған шөптесін өсімдіктерді жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: