Құрметті Абай ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Извините, этот техт доступен только в “Қазақ тілі”. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Құрметті Абай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жыл 4-маусым – қазақ елінің тарих бетіне алтын әріптермен жазылатын елеулі күн. Дәл осы күні Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Біздің мемлекетіміз – бейбітшілік пен татулықтың, ұлтаралық келісім мен ымыраластықтың, биік мақсаттардың алтын бесігі.
Олай болса, Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз — еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын деймін. Отбасы-шаңырақтарыңызға береке-бірлік пен амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Б.Парманов

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Пролистать наверх

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: