Құрметті Абай ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Абай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жыл 4-маусым – қазақ елінің тарих бетіне алтын әріптермен жазылатын елеулі күн. Дәл осы күні Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Біздің мемлекетіміз – бейбітшілік пен татулықтың, ұлтаралық келісім мен ымыраластықтың, биік мақсаттардың алтын бесігі.
Олай болса, Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын деймін. Отбасы-шаңырақтарыңызға береке-бірлік пен амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Б.Парманов

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: