Қызылжар, Тұрлан, Ынтымақ-1,2, Жайлау және Жиделі шағынаудандарының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен №54 жалпы орта мектепте Қызылжар, Тұрлан, Ынтымақ-1,2, Жайлау және Жиделі шағынаудандарының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тағайындау тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу амалдары талқыланды. Тұрғындарға көмекке құжат өткізу кезінде делдардардың қызметін пайдаланбауды және мемлекеттік қызметтердің тегін негізде жүргізілетіндігі жөнінде түсіндірілді. Сондай-ақ, кездесуге қалалық жұмыспен қамту орталығының ассистенттері де қатыстырылып, “Бірыңғай жиынтық төлем” және жұмыспен қамтудың бейімдеу шараларына қатысу жолдары атап өтілді.

  

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: