Қала әкімі аулаларын су басқан үйлерді тазарту жұмыстарын өз бақылауына алды

ҚАЛА ӘКІМІ АУЛАЛАРЫН СУ БАСҚАН ҮЙЛЕРДІ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ӨЗ БАҚЫЛАУЫНА АЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты Қарасу көшесіндегі бірнеше тұрғын үйлердің жер асты сулары көтеріліп, аулалары мен жертөлелерін су басқан болатын. Осы мәселені арнайы өз бақылауына алған қала басшысы Е.Айтаханов оқиға орнын аралап шықты.

Ондағы тұрғындармен тілдескен әкім тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтып, жауапты сала жетекшілеріне су тасқынының салдарын жоюға бағытталған нақты техникалық тапсырмалар берді.
Сонымен қатар Ерлан Қуанышұлы алдағы уақытта осы сынды жағдай орын алмау үшін аталған аймақты зерделеп бұрын болған тік дренаждық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтып, салалық басқармамен аудан әкімдігіне жобалық сметалық құжаттамаларын дайындауды міндеттеді.

Айта кетейік, Қарасу өзенінің жағалауларында орналасқан тұрғын үйлердің иелерімен, жаз мезгілінде су деңгейін көтеру мақсатында, рұқсатсыз өздігімен өзен арнасына бөгеттер орналастырған.
Жауын-шашынның салдарынан және жер асты сулары көтеріліп, жоғарыда айтылған мекенжайларды су басқандығы анықталған.
Қазіргі уақытта су сору жұмыстарына 30 шақты қызметкер мен 6 бірлік техника және 2 мотопомпа жұмылдырылды.

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: