“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні” атап өтілді

Абай ауданы әкімі аппараты мен “Абай” атындағы орталық кітапхананың бірлесе ұйымдастыруымен 4 маусым “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні” атап өтілді. Аталған іс-шараға кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері, студент жастар және аппарат қызметкерлері қатысты. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында Мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихы мен қабылданған Заңдар туралы баяндамалар оқылып, патриоттық әндер орындалды.

  
  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: