Ғ.ТӨЛЕПОВ 2019 ЖЫЛЫ АУДАН АУМАҒЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДА ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗДІ

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 15 қаңтарында “Ақжар” тұрғын алабындағы №122 жалпы орта мектебінде Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов 2019 жылы аудан аумағында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша аудан тұрғындары алдында есепті кездесуін өткізді.
Аталған жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары, аудан прокуроры, «Нұр Отан» партиясының Абай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және тиісті басқармалардың жауапты қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Ғ.Төлепов 2019 жылда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспарымен бөлісті. Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандыратын өзекті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

  

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: