Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов аудан ардагерлері, ауыл билері және имамдармен кездесті. Жиналыс еркін пікір алмасу форматында өтті. Кездесуде ауданды инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету, тазалықты сақтау, діни тұрақтылық, жастар тәрбиесі сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімі алдағы уақытта осындай жиналыстар жиі ұйымдастырылу қажет деген ұсыныс білдірді. Бұл өз кезегінде ауданның өзекті мәселелерінің, тұрғындардың өтініштерінің оң шешімін табуына ықпал жасайтындығы анық!
Spelling error report
The following text will be sent to our editors: