ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар Бұхарбай Пармановтың Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымына кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолы 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер Навои колхозының колхозшысы болудан басталған. Мемлекеттік қызметті 1986 жылы Кентау қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының экономисті болудан басталды.

1987-1988 жж Ленин аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисті, 1988-1989 жж Ленин аудандық қаржы бөлімінің аға салық ревизоры-инспекторы, 1989-1990 жж. Ленин аудандық қаржы бөлімінің бас салық ревизоры-инспекторы қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар, салық және қаржы полициясы органында және Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары, Сарыағаш, Төлеби аудандарының әкімі лауазымын атқарған.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін қала әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: