Home / ФРОНТ-ОФИС

ФРОНТ-ОФИС

Тұңғыш рет Шымкент қалалық әкімдігінің жанынан жаңа мемлекеттік қызмет көрсету орталығы – фронт-офис ашылуда.

Рысқұлов көшесі, №8а мекен-жайында орналасқан фронт-офис қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін бір жерден «бір терезе» жүйесі арқылы ұсынады.

Фронт-офистің негізгі артықшылығы:

Өтініш иесінің құжатын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды беріледі. Тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзім ішінде қаралған соң жауабы фронт-офиске бағытталып, тұрғындарға қолма-қол жаубы беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекен-жайына жолданады.
Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін shymkent.gov.kz/ front office сайтына кіру керек немесе байланыс орталығының 545-545 телефонына қоңырау шалса жеткілікті.
Фронт-офистің қызметіне жүгіну арқылы керекті мемлекеттік кызметті уақытылы ала аласыз! 

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: