Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары! Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз. Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз құтты болсын ағайын. Барша қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Әр бір отбасыға мол бақыт амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Ізгі ниетпен, Абай ауданының әкімі
Ғ. Төлепов.

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: