ТЕЗИСТЕР

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Пармановтың

2018 жылдың қорытындасы бойынша халыққа  есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының

ТЕЗИСТЕРІ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 05 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейде әкімдердің 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланып, 2019 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі аудан аумағының 3 жерінде есеп береді.

2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы жарияланды. Аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында 80 жиналыс өткізіліп, жалпы 10 500 адам қамтылды.

2018 жылдың 5-ші қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Елбасы Жолдауын аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттау мақсатында, Абай ауданы әкімі аппаратында ақпараттық насихаттық топ құрылып, 2018 жылы 16 жиналыс өткізіліп 2800 адам қамтылды.

2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау бойынша 20 жиналыс өткізіліп, жалпы 8500 адам қатысты.

2018 жылы аудан әкімі аппаратында 2727 кіріс құжаттары және 2192 шығыс құжаттар рәсімделіп, аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 337 азамат жазылды. Жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің себептері талқыланып, шешу жолдары қарастырылып, арыз  иелеріне  уақтылы  жауаптар берілді.

Ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

Санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстары 

Абай ауданы бойынша 2018 жылы аудан аумағындағы 685 көшелердің санитарлық тазалау жұмыстарына 255 млн. 229 мың тг. қаржы бөлініп, 4 мердігер мемемелер («Арнаулыавтокөлік» ЖШС, «Бадам Тас» ЖШС, «Ақсемсер» ЖШС, «Айдынбек» ЖШС) жұмыс атқарды.

Аталған мердігер мекемелердің өзіне келісім-шарт негізінде жүктелген міндетін сапалы орындалуы бойынша әр елді мекендер мен аудан орталығындағы учаскелерге бекітілген аппарат мамандары күнделікті қадағалап, атқарылған жұмыстар оң бағаланды.

Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлер мен  ішкі орамдық көшелердегі қураған талдарды бұтау, аулалардағы жасыл желектерді кесу, шөптерді ору жұмыстарына 55 млн.  878 мың теңге қаржы бөлініп,  3 мердігер мемемелер (“Аяулы алақан” ЖШС, “Төлеби” ЖШС және “Молшылық-1” ЖШС) жұмыс атқарды.

Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен (“Бадам тас” ЖШС және “Арнаулыавтокөлік” ЖШС) мекемелері  жұмыс жүргізді.

 

Кондоминиум жұмыстары 

Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйлердің 417 тұрғын үй, қалалық әділет басқармасы арқылы кондоминиум нысаны ретінде тіркеуден өткен.

Бүгінгі күнде кондоминиум нысаны ретінде тіркеуден өтетін 36 көпқабатты тұрғын үйдің екеуі тіркеуден өтті. 20 көпқабатты тұрғын үйлерге тиесілі жер телімін заңдастыру үшін қалалық жер комиссиясының қарауына ұсынылды. 14 көпқабатты тұрғын үйлердің жерге орналастыру жобасын әзірлеуге қаржы жинау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Жылумен қамтамасыз ету 

2018-2019 жылғы жылу беру маусымында аудан аумағындағы жылу қазандығынан жылу алатын 424 көпқабатты тұрғын үйлерді қысқа дайындау, үйдің ішкі жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша «Қуатжылусервис» ЖШС, «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС, «СпецкомплектСервис» ЖШС сервистік қызмет көрсету орталықтарымен аудан әкімдігінің қызметкерлері бірлесе тұрғындар арасында келісім-шартқа отырғызу бойынша жиналыстар ұйымдастырып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Жылу беру маусымына жоспарланған 424 көпқабатты тұрғын үйдің:

– «Қуатжылусервис» ЖШС – 222 үй;

– «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС – 45 үй; 

– «СпецкоиплектСервис»ЖШС – 20 көпқабатты тұрғын үйлер келісім-шартқа отырғызылып, қалған 137 көпқабатты тұрғын үйлерде тұрғындардың өз күштерімен сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 424 көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылу жүйесіне қосылған.

 

Балалар және спорт ойын алаңшалары

Аудан аумағындағы 258 ауланың 2018 жылға дейін 209 ауласына балалар ойын алаңшалары мен  42 спорт алаңшалары орнатылған.

2018 жылы 49 аулаға балалар ойын және 15 спорт алаңшаларын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына  ұсыныс жолданған.

Есепті жылы көпқабатты тұрғын үйлердің 10 ауласына  балалар ойын алаңшаларын орнатуға қаланың бюджетінен 187 млн. 420 мың теңге бөлініп, мердігер “Айсана-Пирман” ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жыл соңында тұрғындардың пайдалануына берілді.  

Сонымен бірге 8 спорт алаңшаларының құрылысына бюджеттен 91 млн. 258 мың теңге бөлініп, “ҚазақСтройЖол”ЖШС-і құрылыс жұмыстарын аяқтады.

2019 жылға 39 көпқабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын және 8 спорт алаңшаларын орнатуға ЖСҚ дайындалып, қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына  ұсыныс жолданған.

 

Ауыз су

Аудан аумағында орналасқан шағынаудандар мен тұрғын алабтардағы 41 063 тұрғын үйлердің  сапалы ауыз сумен қамтылғаны 34 616 үй, ол 84% құрайды. Қалған үйлер тасымалды және ұңғыма суын пайдалануда.

Алтынтөбе тұрғын алабындағы 218 үйге  ауыз су жүйесінің құрылысын мердігер «Шұғыла-2002» ЖШС ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталып тұрғындардың пайдалануына берілді. 

Өткен жылы Ақжар тұрғын алабындағы 650 жеке тұрғын үйлерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 359 млн. 938 мың теңге мен Айкөл тұрғын алабындағы 66 жеке үйге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізуге                            168 млн. 105 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, “Содбистрой” ЖШС-і құрылыс жұмыстарын бастап, 2019 жылы аяқтау жоспарлануда.

Қызылжар, Тәуелсіздікке 20 жыл, Жаңаталап, Игілік, Көкбұлақ тұрғын алабтарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, (Жиделібайсын мен Гагарин көшелерінің қиылысынан Көкбұлақ тұрғын алабына дейін) су құбырын тарту бойынша 448 млн. 852 мың теңгеге жобалық құжаттары дайындалып, сараптама қорытындысы алынды.       

Құрылыс жұмыстарын бастауға бюджеттен қаржы бөлу үшін қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына  ұсыныс жолданды.

Аталған 5 тұрғын алабтардың ішкі ауыз су жүйелерін тартуға “Улмад” ЖШС-і тарапынан жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы қарастыруға ұсыныс дайындалуда.

          

Электр энергиясы        

Бүгінгі таңда аудан аумағын  электр жарығымен қамтамасыз етуге 150 трансформатор орнатылған.

Оның ішінде:

– мемлекеттік трансформатор саны – 113;

– жеке меншік трансформатор саны – 37

Жеке трансформатордан алынатын жарық тарифінің жоғары болуы, электр қуатының төмендігі мен  трансформатордың жиі өшіп қалу фактілері орын алуда.

Өткен жылы Қазығұрт шағын ауданындағы 782 үйге сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге  «МехКолонна»ЖШС құрылыс жұмыстарын аяқтап,  пайдалануға тапсырды. Жобаның құны 367 млн. 773 мың теңге.

Сонымен бірге Агропром, Самал-1 шағын аудандарындағы 13 көшедегі 485 тұрғын үйге жоба бойынша 169 млн. теңге қаржы бөлініп,  мердігер мекеме “А-Мерей и К” ЖШС-і құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғын үйлерді жаңа жүйеге қосу жұмыстары жүргізілді.

– Құрсай шағынауданындағы 1816 тұрғын үйді сапалы электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін, “Электромонтаж” ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны-  753 млн. 602 мың теңге.

Самал-3 шағын ауданындағы 4896 тұрғын үйге 2 млрд. 233 млн. 144 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттамасын әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Қалалық энергетика және коммуналдық басқармасы тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. 

Қала әкімің тапсырмасы мен аталған елді мекенге қыс айларында жарық сапасын арттыру мақсатында қосымша 2 трансформатор бөлініп, орнатылды.

 

Көгілдір отын

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке үйлердің          82 пайызы табиғи газбен қамтылған.

Ынтымақ-2 және Жаңа Тұрлан шағын ауданындағы 1108 жеке тұрғын үйлерге “Ақнұр Строй”  ЖШС тарапынан ішкі газ жүйесін тарту жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлерге газ қосу жұмыстары  жүргізілді.  Жобаның сметалық құны 265 млн. 627 мың теңге.

2018 жылға Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабтары мен Құрсай, Ақтас, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай шағынаудандарын сапалы газ жүйесімен қамтамасыз ету қала халқының өсуіне байланысты, табиғи газдың жетіспеушілігі орын алуда.

Аталған мәселені шешу, яғни тұрғындарды үздіксіз және сапалы  табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 250 000 м3/сағ құрайтын  автоматтандырылған  газ тарату станциясының (АГРС-3)  құрылыс жұмыстары бойынша  жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

Қазіргі таңда, аталған нысанның ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтуде. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуге ұсыныс беріледі.

Аталған елді мекендердің ішкі газ жүйелерін тартуға жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үшін, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс берілген. 

        

Кәріз жүйесі

2018 жылға Самал-1, Самал-2 және Солтүстік Батыс шағын аудандардағы әр бір тұтынушыларды орталық кәріз жүйесіне қосу жұмыстарымен “Үш сай” ЖШС, “Сарыағаш-Аман” ЖШС, “Шебер-2” ЖШС  мердігер мекемелер айналысуда.

Аудан аумағындағы Самал-3, Қатынкөпір, Агропром, Жайлау, Қорғасын-1,2 шағын аудандары мен 112 орамды орталық кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге жоба дайындау үшін,  қалалық энергетика  және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс  берілді.

 

Жол құрылысы

Аудан аумағындағы 33 шағынаудандар мен тұрғын алабтардағы көшелер саны – 915. Оның ішінде:

– асфальт жол – 448 (49 %); 579,7 шақырым.

– тас жол – 385 көше (42 %); 355,75 шақырым.

– топырақ жолдар – 82 көше (9 %); 53 шақырым.

– Сыпырған ата көшесін Арғынбеков көшесінен Темірлан тас жолына қосу бойынша асфальт жол салу жұмыстарын “А.Р.Т.Құрылыс” ЖШС жүргізуде. Құрылыс жұмыстарын 2019 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Қарастырылған қаржы көлемі- 1 млрд.314 млн. 837 мың теңге.

– Әл-Фараби көшесін “Батыс Қытай-Батыс Европа” жолына қосу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме “Отау Строй”ЖШС-і.  Қаралған қаржы көлемі – 3 млрд.508 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын аяқтау           2020 жылдың тамыз айы.

– Темірлан тас жолы мен “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының  (“Бекжан” базары) қиылысында жол өтпесін салу бойынша құрылыс жұмыстары (мердігер “ЖБИ-С” ЖШС) 2017 жылы басталып, 2018 жылы          І кезеңі (Жоба құны – 1 млрд. 737мың.теңге.) аяқталды.   ІІ кезеңін (Жоба құны – 870 млн. 208 мың теңге) аяқтау 2020 жылға жоспарлануда. 

2018 жылы аудан аумағына қарасты:

– Самал-1 шағын ауданында – 26 көшеге;

– Самал-3 шағын ауданында – 8 көшеге; 

– Қатынкөпір шағын ауданындағы 13 көшеге;        

– Қазығұрт шағын ауданында-11 көшеге, барлығы 12 елді мекендегі       68  көшеге күрделі және 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары бойынша асфальт жол төселіп,  6 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді. 

 

Ретсіз сауданы жою жұмыстары 

Аудан аумағында орналасқан ретсіз сауданы жою жұмыстарын жүргізу мақсатында құзырлы органдармен өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде аудандық ЖПҚБ-ң тарапынан ретсіз сауда бойынша 2018 жылдың басынан әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» бабына сәйкес барлығы 864 хаттама толтырылған, оның 801-не ескерту берілді. Заңсыз сауда жасаған жеке тұлғаларға 481 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілгені 294 мың 613  теңге.

Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 бабына яғни, «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бабына сәйкес барлығы 80 хаттама толтырылып, оның 75-не ескерту берілді. Барлығы 156 мың 325 теңге көлемінде айыппұл салынып, 96 мың 200 теңге өндірілді.

 

Жәрмеңке

Шымкент қаласының әкімінің төрағалығымен өткізілген 26.08.2015ж №3 аппараттық мәжілісінің 3.3 тармағында көрсетілген «Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында ауыл-шаруашылық өнімдерінің жәрменкелерін ұйымдастырып, өткізу үшін қажетті орындар белгіленіп, ұсыныстар енгізілсін»,- делінген тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлікті қолдау бөлімі мен жергілікті полиция қызметкерлерінің күшімен жәрменке аумағында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. «1000 ұсақ-түйек» дүкенінің алдындағы алаңда әр сенбі сайын 40-қа жуық ауыл-шаруашылық өнімдерін сататын жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке өткізіліп отыр.                                

  

Мемлекеттік жәрдемақылар 

Аудан аумағында 2018 жылы шартты және шартсыз ақшалай көмекке өтініш білдірген 8014 отбасының аудан әкімімен бекітілген комиссия құрамының шешімімен 7498 отбасы мұқтаж деп танылып, 516 отбасына мұқтаж еместігі жөнінде баға берілді.

Мемлекеттік бір реттік әлеуметтік көмекке өтініш берген 1419 отбасының 1400-і мұқтаж деп танылып, 19 отбасына мұқтаж еместігі жайлы қорытынды  берілді.

 

Отбасылық-демографиялық саясат

Абай ауданы бойынша «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны -3300. Оның ішінде:

1271 «Алтын алқа»;

2029 «Күміс алқа» иегерлері.

Есепті жылдың басынан бері көпбалалы аналарға 33 алтын, 123 күміс алқа табысталды.

 «Аудандық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы» тарапынан «Қоғамдағы әйел мен отбасындағы әйел рөлі», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтатайық» атты тақырыптарды 41 іс-шара өткзіліп, 4500 адам қамтылды.

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға арналған «Көмек» оңалту орталығында 84 отбасы тіркеліп, 12 отбасы тұрақты түрде көмек алуда. Сонымен қатар, қиын өмір жағдайына түскен аналарға қолдау көрсететін         2 жерде ашылған «Ана үйі» орталығында бүгінгі таңда 15 ана нәрестелерімен қамқорлыққа алынған. 

Аталған ұйымдарға демеушілердің есебінен тұрмыстық техникамен көмек көрсетілді.

 

Құқықбұзушылық 

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ жергілікті полиция қызмет бөлімшесінде штат бойынша барлығы 146 қызметкерлерінен құралған.

Оның ішінде:

– жұмысты ұйымдастыру тобының инспекторлары  3;

– учаскелік полиция инспекторлары 91 және көмекшілері 8;

– кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлары 38, оның ішінде мектеп инспекторлары 33, учаскелік полиция инспекторлары 5;

-әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы 1.

Қылмыстардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 5273-тен 2018 жылы 4038-ге төмендеп, 23,4 пайызға кеміген.

Аудан аумағында орналасқан орта мектептерде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жергілікті полиция  қызметкерлерінің, психолог-дәрігерлердің қатысуымен барлығы 49 кездесулер өткізілді.

Халық көп шоғырланатын орындарда кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау бойынша 77 түнгі рейдтер өткізіліп, рейдтің қорытындысымен 833 жасөспірімдердің ата-аналарына хаттама толтырылды.

 

Діни ахуал 

Діни бірлестіктер – 38. Оның ішінде:

Исламдық мешіттер – 31;

Христиандық бағыттағы бірлестіктер –7.

Діни тұрақтылықты насихаттау және кереағар діни ағымдардың алдын алу бойынша аудан тұрғындары, білім беру орындарының оқушылары арасында 90 кездесу өткізіліп, барлығы 9 300-ге жуық  адам қамтылды. Сонымен бірге, тұрғындар арасында жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында 5000-ға жуық кітап, көрнекілік құралдары таратылып, халық көп шоғырланған орындарда баннерлер ілінді.

 

Ономастика 

Абай ауданы бойынша жалпы 915 көшелер мен өткелдер бар. Оның ішінде атауы жоқ 154 көшеге атау беру және атауы қайталанатын 17 көшенің атауын өзгерту бойынша қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына ұсыныс жолданған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұсынған жаңа пошта индекстерімен және      QR-code көше аншлагтарын (тақтайшалар) аудан аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үйлерге орнатуға бюджеттен 5 млн 708 мың теңге бөлініп,  мемлекеттік сатып алу конкурсының құжаттары дайындалуда.

 

2019 жылы атқаралытан жұмыстардың негізгі бағыттары: 

  1. Аудан аумағын санитарлық тазалықта ұстауды ұымдастыру және қадағалау.
  2. Аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын ретке келтіру, спорт және тренажер алаңшаларын құруды ұйымдастыру.
  3. Тұрақты түрде аудан аумағына қарасты елді мекендерде сенбіліктер ұйымдастыру және өткізу.
  4. 2019-2020 жылу беру маусымына сығымдау-дайындау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
  5. Ретсіз сауда, заңсыз жарнаманы болдырмау бағытында жұмыстар жүргізу.
  6. Аудан аумағында ономастика саласы бойынша жұмысты жүйелі ұйымдастыру. 

 

Абай ауданы әкімінің аудан тұрғындарының алдында 2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру кездесулерінің  КЕСТЕСІ

           Кездесу өтетін орын Күні Уақыты
1 №66 жалпы орта мектеп, «Қазығұрт» шағынауданы, Оңдасынов көшесі, 86 14.01.2019ж. 11-00
2 №52 мектеп-лицей, Қатынкөпір шағынауданы, Әл-Фараби көшесі,102 16.01.2019ж. 11-00
3 №81 жалпы орта мектеп, «Жаңаталап» тұрғын алабы, Т.Айдарқұл көшесі , 27 17.01.2019ж. 11-00

ҚҰЖАТТЫҢ ТҮП НҰСҚАСЫН ЖҮКТЕУ

 

 

Шымкент қаласы Абай ауданы тұрғындарының ұсыныстарын, ескертулерін және ой-пікірлерін жинақтауды қамтамасыз  ету үшін  арнайы  жәшіктердің мекен-жайларының орналасу КЕСТЕСІ

 № Мекенжайы
1. Абай ауданы әкімінің аппараты, Қазыбек би көшесі, 44
2. Әкімшілік ғимарат, «Қатынкөпір» шағынауданы, Әл-Фараби көшесі, нөмірсіз
3. Әкімшілік ғимарат, «Қазығұрт» шағынауданы, К.Жандарбеков көшесі, 179

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты төмендегі әлеуметтік желілер арқылы сын-ескертпелер мен өтініштер қабылдайтынын аудан тұрғындарының назарларына ұсынады.

WhatsApp – тел.: 8-708-397-72-59

ҚҰЖАТТЫҢ ТҮП НҰСҚАСЫН ЖҮКТЕУ


 

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: