«Сындарлы Қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын насихаттау аясында кездесу өтті

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы Қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын насихаттау үшін Шымкент қаласы Абай ауданы активімен кездесу ұйымдастырылды. Президент жолдауындағы қоғамдық келісімді нығайту, білім сапасын жақсарту және азаматтық қоғамның рөлін күшейту бойынша аудан әкімінің орынбасары Н.Тілеш қысқаша тоқталып өтті.
Сонымен қатар, Президент жолдауының маңызы, мемлекет алдындағы жаңа міндеттер мен идологиялық мақсаттары бойынша Жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығының директоры Б.Мұстафаев 5 бағыт бойынша баяндама оқыды. Кездесуге аудан тұрғындары және аудандық “Nur Otan” партиясы төрағасының орынбасары, аудандық құзырлы мекеме өкілдері, прокуратура, кірістер басқармасы, ардагерлер, білім саласының қызметкерлері, ішкі істер қызметкерлері және жастар қатысты.

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: