Орман және дала өрттерінің алдын алу.

16.05.2019 Абай ауданы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша 4 мобильдік жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, Абай ауданы төтенше жағдайлар бөлімі манандары және Абай ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторлары енгізіліп, бекітілген аумақтарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, минералды жолақтардың уақытылы әрі сапалы әзірленуін қадағалауда. Аудан әкімі аппаратының және Абай ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Жаңаталап аумағына қарасты Көкбұлақ, Алтын төбе, Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Қызылжар тұрғын алаптарында шаруа қожалықтар мен өндірістік кооперетив иелері дала өрттерінің алдын алу үшін егістік айналасына және жол бойына минералды жолақ салу жұмыстарын жүргізді. Абай ауданы аумағында орман және дала өрттері орын алған жағдайда 101 номеріне немесе Абай ауданы әкімі аппаратының 53-03-20 байланыс номеріне хабарлассаңыздар болады.

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: