АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ 1 ҚАЗАН ӘЛЕМДIК ҚАУЫМДАСТЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметтi аудан тұрғындары!

1991 жылдан бастап БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес, жыл сайын 1 қазанда әлемдiк қауымдастық Халықаралық қарттар күнiн атап өтедi. Бұл мереке аға буын адамдарын құрметтейтiн, ардагерлерге қамқорлық танытатын мереке болып саналады. Елімізде ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттау мен басқа да шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. Қарияларға қамқор болу — барлық қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз, өйткенi жасы ұлғайған адамдар — мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттылықтың, iске деген адалдықтың жарқын үлгiсi. Осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтай отыра Сiздерге мықты денсаулық, ашық аспан, шат көңiл тiлеймiн. Сүйiктi және қамқоршы балаларыңыз, немерелерiңiз, жақын адамдарыңыз әрқашан Сiздермен бiрге болсын. Мереке құтты болсын!

Ізгі ниетпен Абай ауданының әкімі Ғ.Төлепов

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: