Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті

Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың бастамасымен бастау алған “Шымкент қайырымды қала” қаланың даму бағыты аясында Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өткізілді. Мерекелік іс-шараға аудан аумағындағы мүмкіндігі шектеулі, жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасылардан және аз қамтылған отбасылардан шыққан 250 бала қамтылды. Іс-шара барысында аудан әкімі Ғ.Төлепов бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, балалармен бірге Аяз ата мен қарша қыздың және арнайы дайындалған ертегі кейіпкерлерінің өнерін тамашалады. Мерекелік іс-шара соңында балалларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

  
  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: