Абай ауданы аумағынан ағып өтетін өзен бойларына ескерту тақтайшалары орнатылды!

Sorry, this entry is only available in Қазақ тілі. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

22.05.2019 Жаз мезгілінде адамдардың суға түсу қауіпсіздік ережелері мен шараларын сақтамауы, жас балалардың суға шомыла білмеуі және ата анасының қарауынсыз су айдындарының жағалауларына шығып кетуі орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады.
Осыған орай шамылу маусымындағы келеңсіз оқиғаларды болдырмау мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппараты қызметкерлері мен Шымкент қаласы ТЖД Абай ауданы ТЖ бөлімінің мамандары бірлесіп, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Көкбұлақ тұрғын алабтарынан өтетін Бадам өзенінің бойындағы қауіпті аймақтарға қатаң ескертулер жазылған 30 тақтайшаларды орнатып, жазғы демалысты қауіпсіздендіру үшін суға түсушілердің арасында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Суға түсушiлерге:


– белгiнiң және қоршаудың сыртына жүзiп шығып кетуге;
– моторлы, желкендi және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге, ескектi қайықтарға жақындап жүзуге;
– қайықтан, катерден, тұрақ және арнайы жабдықталмаған жерлерден суға секiруге;
– су қоймаларын ластауға, қоқсытуға;
– спирттiк iшiмдiктердi iшуге;
– жағажайға ит және басқа да жануарларды әкелуге;
– жағажайда және гардеробта қағаз, құты, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға;
– суда сүңгiп, шомылушыларды тартып әкететiн ойын ойнауға;
– жалған дабыл соғып, айғайлауға;
– тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автокөліктің доңғалағының резеңкесiмен жүзуге;
– мас күйiнде, нашамен мастану кезінде суға түсiп, шомылуға тыйым салынады. 


Биiктiгi 3 м және одан да жоғары суға секiретiн мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушы (бапкер) рұқсатымен және оның көзiнше жүргiзiледi.

 

 

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: