Абай ауданының әкімі тағайындалды

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу бесінші сессиясында депутаттар Абай ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Ғалымжан Әнуарбекұлы Төлеповтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Сессия жұмысында қала әкімі Ерлан Айтаханов ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша аудан әкімі лауазымына ұсынылған Ғалымжан Әнуарбекұлының кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін халық қалаулыларына алғыс білдірді.
Сонымен бірге жаңа аудан әкіміне Мемлекет басшысы және Үкімет тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуына және жалпы аудан экономикасын көтеруге бар күш жігерін салады деп сенім білдірді.
Ғалымжан Әнуарбекұлы 1983 жылы ОҚО Ленин ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист, заңгер.
Еңбек жолын 2006 жылы ОҚО Қазығұрт ауданы Ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2006-2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаменті бюджеттің атқарылуын және талдау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты экономикалық талдау, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы және экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты экономикалық талдау, бюджет және мемлекеттік сатып алу мониторингі бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.
2017 жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етіп келген.

  

Егер сайттан қате тапсаңыз, қате мәтінді белгілеп Ctrl+Enter пернесін басыңыз.

Scroll to top

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: